Өрлеу

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты «Zerdeli internatonal school Atyrau» мектебімен білім беру саласындағы өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында Меморандумға қол қойды.

Бұл серіктестік – педагогтердің кәсіби дамуына қолдау көрсету, білім беру үдерісіне заманауи технологиялар мен инновациялық тәжірибелерді енгізу, сондай-ақ бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер алаңы.


Серіктестіктің басты құндылығы – тәжірибе мен мүмкіндіктерді біріктіріп, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға және білім беру сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған ортақ жұмыс.

Бірлескен жұмыстың алғашқы қадамы ретінде «Zerdeli International School Atyrau» мектебінің базасында «Lesson Study: жоспардан зерттеуге дейін» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға білім ұйымдарының басшылары мен орынбасарлары, әдіскерлер, пән және бастауыш сынып мұғалімдері, Lesson Study топтарының жетекшілері қатысып, оқушылардың оқу қажеттіліктерін анықтау, зерттеу сұрағын құрастыру, сабақты бірлесіп жоспарлау, бақылау деректерін талдау және сабақты жетілдіру бойынша педагогтердің практикалық дағдыларын дамыту мәселелерін қарастырды.

Семинарда «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтытының аға оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті.


Бірлескен қадам – жаңа мүмкіндіктерге жол!  

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ: МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ — Өрлеу