Өрлеу

Асқарова Дидар Асқарқызы

Абай облысы бойынша филиалының директоры

Асқарова Дидар Асқарқызы

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Абай облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры 

Жалпы ақпарат, білімі 

Дидар Асқарқызы Асқарова 1977 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Шәкәрім атындағы Семей педагогикалық институтын «Бастауыш білім беру әдістемесі және музыка» мамандығы бойынша, М. О. Әуезов атындағы Семей университетін «Педагогика және психология» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр дәрежесін алған. Қазақстан гуманитарлық-заң инновациялық университетінде білім алып, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін иеленген. 

Мансап 

1998–2005 жылдары – Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі. 

2005–2011 жылдары – Семей қаласындағы М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледждің педагогика және психология пәндерінің мұғалімі. 

2011–2012 жылдары – Астана қаласындағы № 59 мектеп-лицейдің бастауыш сынып мұғалімі. 

2012–2019 жылдары – Астана қаласындағы ҚазҰӨУ-нің дарынды балаларға арналған мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. 

2016–2019 жылдары – Астана қаласындағы «Астана өнер мектебі» директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары (қоса атқару бойынша). 

2022–2023 жылдары – Әлихан Бөкейхан атындағы Binom School мектеп-лицейі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары. 

2023–2025 жылдары – Қосшы қаласындағы мектеп-гимназияның директоры. 

2025–2026 жылдары – Абай облысы білім басқармасының Семей қалалық білім бөлімінің басшысы. 

2026 жылғы 2 маусымнан бастап 5 қазанға  дейін – ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» ШЖҚ РМК вице-президенті. 

2026 жылғы 5 қазаннан бастап – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Абай облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры. 

Мемлекеттік марапат 

«Құрмет» орденінің иегері. 

Асқарова Дидар Асқарқызы — Өрлеу