Беркимбаева Жамал Хаирденкызы
Талдау және сапа департаменті

Жалпы ақпарат, білімі
Беркимбаева Жамал Хаирденкызы 1988 жылы Ақмола облысының Степногорск қаласында дүниеге келген.
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін 050120 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша тәмамдаған. Біліктілігі – педагог-менеджер.
Мансап
2011-2019 жылдары – «Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ академиялық мәселелер жөніндегі қызметінің жоғары біліктілік деңгейіндегі маманы.
2020-2022 жылдары – «Астана медицина университеті» КеАҚ Академиялық қызмет орталығының маманы.
2022 жылы – «Астана медицина университеті» КеАҚ Құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің жетекші маманы.
2022-2023 жылдары – «Астана медицина университеті» КеАҚ Аккредиттеу және рейтинг орталығының бас маманы.
2023-2025 жылдары – «Астана медицина университеті» КеАҚ Аккредиттеу және рейтинг орталығының басшысы.
2025 жылғы маусым-тамыз – «Астана медицина университеті» КеАҚ Аккредиттеу және сапаны басқару департаменті директорының орынбасары.
2025 жылғы тамыз – 2026 жылғы шілде – қосымша білім беру ұйымдарын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткізу жөніндегі «Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі» коммерциялық емес мекемесінің жоба жетекшісі.
2026 жылғы 17 тамыздан бастап – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Талдау және сапа департаментінің директоры.