Сарыбасов Асылбек Асанұлы
Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры

Жалпы ақпарат, білімі
Сарыбасов Асылбек Асанұлы 1989 жылы Түркістан облысы, Шардара ауданы, Қызылқұм ауылында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Ғылыми математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Орталық Азия Инновациялық университетінде педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
Мансап
2011–2017 жылдар Шымкент қаласындағы №69 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі.
2017–2019 жылдар Шымкент қаласындағы №129 жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.
2019 – 2026 жылдар Шымкент қаласындағы №49 жалпы орта білім беретін мектебінің директоры.
2026 жылдың маусымынан «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры.
2026 жылдың 3 шілдесінен бастап «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Шымкент облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры.