Өрлеу

Сулейманов Дидар Уланович

Басқарма Төрағасының орынбасары

Сулейманов Дидар Уланович

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасының инфрақұрылым және цифрландыру мәселелері жөніндегі орынбасары


Жалпы ақпарат және білімі

Дидар Уланович Сулейманов 1988 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша, М. Т. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.


Мансап 

2012–2013 жылдары – «Казкоммерц-Полис» СК» АҚ андеррайтинг бөлімінің бірінші санатты маманы.

2013–2014 жылдары – «Қазақалтын» АҚ ТМК өтімді емес активтерді іске асыру бөлімінің маманы.

2014 жылы – «Транстелеком» АҚ Сатып алу басқармасының баға мониторингі және шарттардың орындалуын бақылау бөлімінің жетекші маманы.

2014–2015 жылдары – «Транстелеком» АҚ филиалының шаруашылық қызмет көрсету қызметіндегі пайдалану-өндірістік қамтамасыз ету бөлімі басшысының міндетін атқарушы.

2015–2016 жылдары – «Астана Innovations» АҚ Заң департаментінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі бас менеджері.

2016 жылы – «Астана Innovations» АҚ Экономика және жобаларды сараптау департаментінің бас менеджері.

2016–2018 жылдары – «Транстелеком» АҚ экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директоры.

2018–2020 жылдары – «Транстелеком» АҚ Алматы қаласындағы филиалының басқарушы директоры.

2020 жылы – «Транстелеком» АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалының басқарушы директоры.

2020–2023 жылдары – «Транстелеком» АҚ Алматы қаласындағы филиалының басқарушы директоры.

2024 жылы – «Астана Innovations» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары.

2024–2025 жылдары – Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы.

2025–2026 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Smart City департаментінің директоры.

2026 жылғы 5 қарашадан бастап – «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының инфрақұрылым және цифрландыру мәселелері жөніндегі орынбасары.

Сулейманов Дидар Уланович — Өрлеу