Өрлеу

Янабаев Ерлан Жұмайұлы

Орта білім берудегі жасанды интеллект орталығының директоры

 Янабаев Ерлан Жұмайұлы

Жалпы ақпарат, білімі

Ерлан Жұмайұлы Янабаев 1989 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамын «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша тәмамдап, бакалавр дәрежесін алған.

 

Мансап

2012 жылы – Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінде дипломнан кейінгі практикадан өтті.

2012–2013 жылдары – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да талдаушы.

2013 жылғы 22 сәуір мен 11 маусым аралығында – Көкшетау қаласындағы Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің жетекші маманының міндетін уақытша атқарушы.

2013 жылғы 11 маусым мен 16 шілде аралығында – Көкшетау қаласындағы Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің № 1 филиалының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің жетекші маманы.

2013–2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің Көліктегі бақылауды автоматтандыру басқармасының сарапшысы.

2014–2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің Көлікті автоматтандыру басқармасының сарапшысы.

2015 жылы – Ахуалдық орталықтың сарапшысы.

2015–2016 жылдары – Көлікті автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы.

2015–2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлікті автоматтандыру басқармасының бас сарапшысы.

2017 жылы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің Көлікті цифрландыру басқармасының бас сарапшысы.

2017–2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің Көлікті цифрландыру басқармасының басшысы.

2018–2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Электрондық денсаулық сақтауды дамыту департаментінің Ақпараттық технологиялар басқармасының басшысы.

2019–2023 жылдары – Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы басшысының орынбасары.

2023–2024 жылдары – «Ұлытау облысының Цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

2024–2026 жылдары – сату және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі маман.

2026 жылғы 12 қазаннан бастап «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Орта білім берудегі жасанды интеллект орталығы директоры лауазымына тағайындалды.

Янабаев Ерлан Жұмайұлы — Өрлеу