Ағылшын тілін оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін тәлімгерлерді даярлау
Орта білім
«Ағылшын тілін оқыту тәжірибесін жетілдіру үшін тәлімгерлерді даярлау» білім беру бағдарламасы тәжірибелі ағылшын тілі мұғалімдерінің тәлімгерлік құзыреттерін дамытуға және жас педагогтерді кәсіби қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарламада тәлімгерлікті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, кәсіби этика, нәтижелі кері байланыс беру, жас мұғалімдердің кәсіби бейімделуін қолдау, Lesson Study және Action Research зерттеу әдістерін қолдану мәселелері қарастырылады. Курс барысында тыңдаушылар тәлімгерлік жоспарын әзірлеуді, сабақтарды бақылау мен талдауды, кәсіби даму траекторияларын құруды және педагогтердің әлеуетін ашуға бағытталған коучинг пен менторинг құралдарын тиімді пайдалануды меңгереді. Практикаға бағытталған оқыту форматы білім беру ұйымдарында кәсіби ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруға және ағылшын тілін оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
- Мақсатты аудиторияАғылшын тілі пәнінің мұғалімдері
- Оқыту тіліҚазақша
- Оқыту форматыКүндізгі / Онлайн
- Сағат саны80
- Әзірленген жылы2025 ж.
- Қолданылу мерзімі2028 ж. шілде
- Курс коды3ARWA
- Бекітілді№264, 20.08.2025 ж.