Ағылшын тілін оқытуда инклюзивті тәжірибелерді енгізу
Орта білім
«Ағылшын тілін оқытуда инклюзивті тәжірибелерді енгізу» білім беру бағдарламасы ағылшын тілі мұғалімдерінің ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылармен тиімді жұмыс істеуге арналған кәсіби құзыреттерін дамытуға бағытталған. Бағдарлама инклюзивті білім берудің заманауи қағидаттарын, оқу материалдарын бейімдеу тәсілдерін, Universal Design for Learning (UDL) құралдарын, сараланған оқыту әдістерін және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың тиімді стратегияларын қамтиды. Курс барысында педагогтер инклюзивті ортада ағылшын тілін оқытудың халықаралық тәжірибесімен танысып, цифрлық ресурстарды пайдалану, қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және әрбір оқушының әлеуетін ашуға бағытталған сабақтарды жобалау дағдыларын меңгереді. Практикалық кейстер мен микрооқыту тапсырмалары мұғалімдерге инклюзивті тәсілдерді күнделікті педагогикалық тәжірибеде нәтижелі қолдануға мүмкіндік береді.
- Мақсатты аудиторияАғылшын тілі пәнінің мұғалімдері
- Оқыту тіліҚазақша
- Оқыту форматыКүндізгі / Онлайн
- Сағат саны80
- Әзірленген жылы2025 ж.
- Қолданылу мерзімі2028 ж. шілде
- Курс кодыPMU0T
- Бекітілді№264, 20.08.2025 ж.