Өрлеу

МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚТА СИНГАПУР МАТЕМАТИКАСЫНДАҒЫ МОДЕЛЬДЕУ ƏДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  • Айман ДжампиесоваАстана қаласы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалы
  • Шолпан ДжампиесоваАстана қаласы «Республикалық физика-математика мектебі» КеАҚ филиалы

Аңдатпа

Мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелердің бірі – бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту жəне стандарттан тыс математикалық олимпиадалық есептерді шешу жолдары қарастырылған. Зерттеудің негізгі нысаны ретінде халықаралық деңгейде жоғары нəтиже көрсетіп жүрген Сингапур математикасының модельдеу əдісі (bar modeling) алынып, оның дидактикалық негіздеріне терең ғылыми-əдістемелік талдау жасалады. Зерттеу барысында олимпиадалық есептерді шешудегі Сингапур математикасы əдістемесінің тиімділігі теориялық-əдістемелік негіздеу, модельдеу тəсілдерін жүйелеу жəне сапалы салыстырмалы талдау əдістері арқылы айқындалады. Мақалада жас ерекшеліктеріне байланысты туындайтын қатынастарды есептеуге, комбинаторикалық заңдылықтарды анықтауға жəне көпсатылы күрделі логикалық ойлау əрекеттерін талап ететін мəтіндік есептерді шешудің нақты алгоритмдері мен құрылымдық модельдік сипаттамалары кеңінен ұсынылған. Талдау нəтижесінде жолақтармен модельдеу (bar modeling) əдісі есептің шартын визуалды-кеңістіктік түрде бейнелеуге, абстрактілі математикалық тілді жүйелеуге жəне күрделі логикалық байланыстарды теңдеусіз-ақ оңай түсінуге мүмкіндік беретіні негізделді. Сондай-ақ бұл əдіс оқушылардың когнитивті жүктемесін айтарлықтай азайтып, реверсивті ойлау, функционалдық сауаттылық пен ішкі танымдық мотивацияны арттыруға септігін тигізеді. Мақаланың қорытындысы бұл инновациялық əдістемені оқушыларды математикалық олимпиадалар мен интеллектуалдық конкурстарға дайындау үдерісінде мектеп тəжірибесіне кеңінен енгізудің маңыздылығы мен əдістемелік қажеттілігін айқындайды.

Түйін сөздер

  • Сингапур математикасы
  • модельдеу əдісі (bar modeling)
  • логикалық ойлау
  • олимпиадалық есептер
  • дидактикалық тəсілдер
  • визуалды қабылдау.

Мақала мәтіні

PDF ашу