Өрлеу

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА МЕКТЕБІ ЖАҒДАЙЫНДА ДАРЫНДЫЛЫҚ ИНКЛЮЗИЯСЫ

  • Гульбаршын ОспановаФилиал НАО «Республиканская физико-математическая школа» города Астана
  • Гуля АблаисоваФилиал НАО «Республиканская физико-математическая школа» города Астана

Аңдатпа

Мақалада физика-математика мектебі жағдайында дарынды балалар мен олимпиадаға қатысушы оқушыларды инклюзивті қолдау мəселесі қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі инклюзивті білім беруді кеңейтілген тұрғыдан түсіну қажеттілігімен айқындалады. Бұл түсінік бойынша мектептің назары тек оқуда қиындықтары бар білім алушыларға ғана емес, сонымен қатар жоғары академиялық əлеуеті, айқын пəндік уəждемесі жəне ерекше білім беру сұраныстары бар балаларға да бағытталуы тиіс. Мақаланың мақсаты — дарынды білім алушыларды сүйемелдеу жүйесін инклюзивті білім беру ортасының маңызды құрамдас бөлігі ретінде негіздеу. Зерттеу барысында ғылыми əдебиеттерді талдау, педагогикалық практиканы жинақтау, шетелдік жəне қазақстандық тəсілдерді салыстырмалы талдау, сондай-ақ сараптамалық-аналитикалық модельдеу əдістері қолданылды. Дарынды балаға қойылатын талаптарды төмендету емес, керісінше білім мазмұнын тереңдету, оқыту қарқынының икемділігі, тəлімгерлік, психологиялық қауіпсіз орта, отбасының қолдауы жəне жеке білім беру траекториясы қажет екені көрсетілді. Олимпиадаға қатысушы оқушыларға ерекше назар аударылады, себебі олар үшін пəндік дайындық пен нəтиже ғана емес, қателік мəдениеті, шамадан тыс жүктеменің алдын алу, тұрақты оқу мотивациясын жəне эмоциялық өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту да маңызды. Мақалада физика-математика мектебінде дарынды білім алушыларды инклюзивті қолдаудың моделі ұсынылады. Бұл модель əлеуетті анықтауды, білім беру қажеттіліктерін диагностикалауды, жеке білім беру траекториясын жобалауды, педагогикалық жəне психологиялық сүйемелдеуді, тəлімгерлікті жəне нəтижелерді рефлексиялауды қамтиды. Инклюзивті дарындылықты қолдау əділетті жəне сапалы білім берудің маңызды шарты болып табылады деген қорытынды жасалды.

Түйін сөздер

  • инклюзивті білім беру
  • дарынды балалар
  • физика-математика мектебі
  • тəлімгерлік
  • жеке білім беру траекториясы
  • психологиялық қауіпсіздік.

Мақала мәтіні

PDF ашу