Өрлеу

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАР ƏЛЕМІ (ГЕОМЕТРИЯ НЕГІЗДЕРІ)

Зауреш Оспанова

Аңдатпа

Мақалада бастауыш сынып оқушыларына, атап айтқанда 3-4 сыныптарға арналған «Геометрия негіздері» факультативтік курсын оқытудың əдістемелік ерекшеліктері мен практикалық маңызы қарастырылады. Мақаланың негізгі мақсаты — геометриялық ұғымдарды ерте жастан меңгерту арқылы оқушылардың кеңістіктік ойлауын, логикалық пайымдауын жəне математикалық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдары мен əдіс-тəсілдерін айқындау. Зерттеу барысында теориялық талдау, педагогикалық бақылау, салыстырмалы эксперимент жəне практикалық модельдеу əдістері қолданылды. Автор бастауыш мектептегі геометриялық материалдың мазмұнына сараптама жасай отырып, сабақ барысында заманауи ойын технологияларын, АКТ құралдарын (GeoGebr, интерактивті тапсырмалар) жəне конструкторлық-зерттеу тапсырмаларын қолданудың маңыздылығын ғылыми тұрғыда негіздейді. Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, практикаға бағытталған тапсырмалар мен көрнекілік əдістері оқушылардың фигуралардың қасиеттерін терең түсінуіне, олардың функционалдық сауаттылығының артуына жəне орта буында геометрия пəнін меңгеруге дайындық деңгейінің жоғарылауына оң əсер етеді. Мақаланың қорытындысында факультативтік сабақтарды жүйелі түрде ұйымдастыру оқушылардың интеллектуалдық əлеуетін арттырудың басты шарты екені дəлелденеді.[8] Ұсынылған əдістемелік нұсқаулар мен тапсырмалар үлгілері бастауыш сынып мұғалімдеріне, қосымша білім беру педагогтарына жəне математика пəні мамандарына практикалық көмек ретінде ұсынылады.

Түйін сөздер

  • бастауыш білім беру
  • геометриялық фигуралар
  • кеңістіктік ойлау
  • геометриялық түсініктер
  • танымдық белсенділік
  • цифрлық технологиялар
  • GeoGebra.

Мақала мәтіні

PDF ашу