Өрлеу

БАҒДАРЛАМАЛАУ АРҚЫЛЫ СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ: КОГНИТИВТІК НЕГІЗДЕР МЕН ДИДАКТИКАЛЫҚ СТРАТЕГИЯЛАР

  • Мерует Агадиловафилиал НАО «Республиканская физико-математическая школа» в г. Астана,
  • Арнольд Минулинфилиал НАО «Республиканская физико-математическая школа» в г. Астана,

Аңдатпа

Мақалада білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында бағдарламалауды оқыту үдерісінде оқушылардың сыни ойлауын дамыту мəселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды қолдана алатын ғана емес, сонымен қатар ақпаратты талдап, есептерді шешудің əртүрлі тəсілдерін бағалай алатын жəне негізделген шешімдер қабылдайтын оқушыларды даярлау қажеттілігінің артуымен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – когнитивтік бағытталған дидактикалық стратегиялардың мектеп оқушыларының сыни ойлауын қалыптастыруға ықпалын анықтау. Зерттеуде педагогикалық эксперимент, бақылау, сауалнама жүргізу жəне əдістемені енгізгенге дейінгі жəне енгізгеннен кейінгі нəтижелерді салыстырмалы талдау əдістері қолданылды. Теориялық негізін когнитивтік жүктеме, есептеулік ойлау жəне сыни ойлау салаларындағы, бағдарламалауды оқыту барысында оқушылардың танымдық іс-əрекетін ұйымдастыру ерекшеліктерін ашып көрсететін ғылыми еңбектер құрайды. Зерттеуге 8-сыныптың 20 оқушысы қатысты. Оқу үдерісіне Парсон тапсырмалары, Сократтық сұрақ қою əдісі, жұптық бағдарламалау жəне кодты рефакторингтеу, сондай-ақ генеративті жасанды интеллектіні когнитивтік қолдау құралы ретінде пайдалану элементтері енгізілді. Алынған нəтижелер кодты талдау, логикалық қателерді анықтау, шешімдерді дəлелдеу жəне оқу тапсырмаларын орындаудағы оқушылардың дербестік көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсарғанын көрсетті (өсім 24–27 %). Алынған деректер ұсынылған дидактикалық стратегиялардың сыни ойлауды дамытудағы тиімділігін жəне когнитивтік бағытталған оқытудың метатанымдық дағдыларды қалыптастыруға оң əсерін дəлелдейді. Бағдарламалау сыни жəне метатанымдық ойлауды дамытудың тиімді ортасы екендігі расталды. Зерттеу қорытындылары бағдарламалау тілінің синтаксисін меңгертуден талдауға, рефлексияға, дəлелдеуге жəне өз бетінше шешім қабылдауға негізделген саналы бағдарламалау мəдениетін қалыптастыруға көшудің қажеттілігін көрсетеді.

Түйін сөздер

  • сыни ойлау
  • бағдарламалау
  • когнитивтік жүктеме
  • метатаным
  • есептік ойлау
  • жұптық бағдарламалау
  • жасанды интеллект.

Мақала мәтіні

PDF ашу