КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ: СОҢҒЫ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ШОЛУ (2015–2025 жж.)
Аңдатпа
Мақала мазмұнында 2015–2025 жылдар аралығындағы отандық және шетелдік педагогикалық және психологиялық зерттеулерге шолу негізінде болашақ мамандарды командалық жұмысқа даярлаудың теориялық-әдіснамалық және практикалық аспектілері талданады. Зерттеудің өзектілігі командалық жұмысқа дайындық ұғымының мазмұндық-құрылымдық сипаттамасының ғылыми еңбектерде бірізді жүйелеу және оны дамыту тетіктерін өзгермелі білім беру кеңістігі жағдайында қайта пайымдау қажеттілігімен байланысты. Зерттеудің мақсаты – командалық жұмысқа дайындық ұғымының мазмұндық-құрылымдық мәнін нақтылау және оны қалыптастыру тетіктерінің эволюциялық динамикасын жүйелеу. Зерттеу салалық кешенді әдеби шолу әдісіне негізделіп, контенттік және тақырыптық талдау тәсілдері қолданылды. Сараптамалық іріктеу Google Scholar және DisserCat ғылыми дерекқорларында жарияланған рецензиядан өткен еңбектер мен диссертациялық зерттеулер негізінде жүргізілді. Зерттеу жұмысының нәтижесі ретінде командалық жұмысқа дайындықтың ғылыми еңбектердегі компоненттері талданып, негізгі алты компоненті анықталды. Олар: мотивациялық; рөлдік және функционалдық; коммуникативтік; командалық шешім қабылдау; эмоционалдық және мінез-құлықтық; рефлексивтік компоненттер. Ұсынылған мақаланың ғылыми маңызы қазақстандық ғылыми журналдардағы мақалалар мен халықаралық диссертацияларды талдай отырып, командалық жұмысқа дайындықты жай ғана дағды емес, тұлғаның (болашақ маманның) адамдармен қарым-қатынасында, бірге әрекет етуінде, мақсатқа команда болып жетуде ерекше рөл атқаратын көпдеңгейлі жүйе деп анықталғандығында
Түйін сөздер
- командалық жұмысқа дайындық
- командалық өзара әрекет
- кәсіби орта
- командалық жұмыстың цифрлық форматтары
- коллаборациялық орта
- көшбасшылық
- ынтымақтастық.