«АДАЛ АЗАМАТ» ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫНА КІРІКТІРУ КУРСЫ АЯҚТАЛДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын бастауыш сынып пәндерінің мазмұнына интеграциялау» тақырыбында кезекті біліктілікті арттыру курсы аяқталды.
Курс бастауыш сынып педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндерінің мазмұнымен ұштастыруға, сондай-ақ білім беру мен тәрбие үдерісінің біртұтастығын қамтамасыз етуге бағытталды.
Оқу барысында тыңдаушылар «Адал азамат» бағдарламасының негізгі құндылықтарын сабақ мазмұнына кіріктірудің тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отаншылдық және өзара құрмет қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар әзірлеу жолдарын қарастырды. Сонымен қатар құндылыққа негізделген оқытуды ұйымдастыру бойынша тәжірибе алмасып, практикалық дағдыларын жетілдірді.
Курс қорытындысы бойынша оқу бағдарламасын табысты аяқтаған педагогтерге біліктілікті арттыру туралы сертификаттар табысталды.

Басқа жаңалықтар

Инклюзивті білім беру: оқудағы қиындықтарды түсінуден бастап, тиімді педагогикалық қолдауға дейін
2026 жылдың 16 қазанында «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Астана қаласы және Жамбыл облысы филиалдарының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары және бастауыш сынып оқушыларының оқудағы қиындықтарының ерекшелігі» тақырыбында бірлескен вебинар өтті.