Ақтауда «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы аясында «Fashion Skills Hub: Дәстүрді жалға, сәнді жаса!» көрмелік-практикалық алаңы ұйымдастырылды.

Іс-шараға «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының директоры К. Тлеуов қатысып, жиын барысында сөз сөйледі. Өз сөзінде білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың, ұлттық қолөнерді дәріптеудің және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ мұндай бастамалардың білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды қалыптастыруға және кәсіби білім беру сапасын арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Ұлттық мұраны жаңғыртып, дәстүрлі қолөнерді заманауи сәнмен ұштастыру — жас ұрпақтың кәсіби шеберлігін шыңдап, жеңіл өнеркәсіп саласының дамуына жол ашатын маңызды қадам.
Басқа жаңалықтар

Қазақ әдебиеті классикасының жаңғырған беттері
«Өрлеу» филиалының Ақмола облысы бойынша бөлімшесінде Республика күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері - курс тыңдаушылары арасында «Жырды жүрекпен сөйлет» көркем оқу кастингі өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция
Технология мен адам арасындағы педагогикалық теңгерімді сақтай отырып, ЖИ-ді мұғалімнің шығармашылық көшбасшылығын толықтыратын көмекші құрал ретінде пайдаланудың оңтайлы модельдерін жасау және талқылау.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРА
Осы мерекеге орай Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Айтарым бар» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның атауы да ерекше мәнге ие, «Айтарым бар» тәуелсіздікке деген алғыс пен құрметті білдіріп, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлаған азат елге ризашылық айтуды мақсат еткен кездесу.