Ақтауда «CaseLab: Үздік тәжірибелер алаңы» республикалық іскерлік форумы басталды

Форумға өңірлік әдістемелік орталықтардың мамандары, колледж басшылары мен орынбасарлары, әдіскерлер, білім саласының сарапшылары, жұмыс берушілер өкілдері және білім беру ұйымдарының тәжірибелі мамандары, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры К.Тлеуов және филиалдың қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы Балуза Қошқарбайқызы қатысты.
Форумның алғашқы күні «Хан Шахар» салтанат сарайында өткен пленарлық отырыспен ашылды. Жиында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту, колледжді басқарудың заманауи тәсілдері, цифрлық шешімдер, ұжымдық мәдениет және тәрбие жұмысының нәтижелілігі кеңінен талқыланды.
Басқа жаңалықтар

Қазақ әдебиеті классикасының жаңғырған беттері
«Өрлеу» филиалының Ақмола облысы бойынша бөлімшесінде Республика күніне орай қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері - курс тыңдаушылары арасында «Жырды жүрекпен сөйлет» көркем оқу кастингі өтті.

Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция
Технология мен адам арасындағы педагогикалық теңгерімді сақтай отырып, ЖИ-ді мұғалімнің шығармашылық көшбасшылығын толықтыратын көмекші құрал ретінде пайдаланудың оңтайлы модельдерін жасау және талқылау.

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРА
Осы мерекеге орай Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Айтарым бар» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның атауы да ерекше мәнге ие, «Айтарым бар» тәуелсіздікке деген алғыс пен құрметті білдіріп, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлаған азат елге ризашылық айтуды мақсат еткен кездесу.