Өрлеу

Атырау облысы бойынша институтына директордың орынбасары тағайындалды

Атырау облысы бойынша институтына директордың орынбасары тағайындалды
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы - Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының директоры Жалмуханова Балауса Хоныспаевна ұжымға директордың жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл лауазымға Ходанова Гульден Сагиндиховна тағайындалды.

Ходанова Гульден Сагиндиховна - педагогика ғылымының магистрі, білім беру саласында тәжірибелі аға оқытушы. 2013 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавр, 2015 жылы педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған. Ал 2024 жылы Әлихан Бөкейхан университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иеленген. 2016 жылдан бастап Қатира Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде педагогика және психология пәндерінің оқытушысы болып еңбек еткен.

Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұжымы жаңа директор орынбасарын қызметке тағайындалуымен құттықтап, өңір педагогтерінің кәсіби дамуына бағытталған жұмысына табыс тіледі.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Атырау облысы бойынша институтына директордың орынбасары тағайындалды — Өрлеу