Өрлеу

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: ОҚУ МАҚСАТТАРЫ МЕН ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР: ОҚУ МАҚСАТТАРЫ МЕН ЦИФРЛЫҚ ДАҒДЫЛАР САБАҚТАСТЫҒЫ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында 27 қазан – 6 қараша аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында информатика пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы өтеді.

Курс тақырыбы:
«Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «Информатика»

Курс барысында педагогтер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын іске асырудың жаңа тәсілдерін меңгеріп, оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелердің сабақтастығын қамтамасыз ету, сабақ мазмұнын тиімді жоспарлау және оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау бойынша білімдерін жетілдіреді.

Сонымен қатар информатика сабақтарында оқушылардың алгоритмдік және логикалық ойлауын, цифрлық сауаттылығын, есептерді шешу дағдыларын дамытуға ықпал ететін әдіс-тәсілдер қарастырылады. Бағдарламалау тапсырмаларын оқу мақсаттарына сай құрастыруға, жобалық жұмыстарды ұйымдастыруға және алған білімді тәжірибеде қолдануға ерекше назар аударылады.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар