ЖИ – идеядан нақты жобаға: педагогтердің инновациялық ізденісі!

«Білім берудегі ЖИ-модельдері» курсының тыңдаушылары оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын тәжірибеде қолданып, өздерінің жобалық жұмыстарын сәтті қорғады.
Жобаларда жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау технологияларын білім беру саласында және күнделікті өмірде қолданудың тың мүмкіндіктері ұсынылды.
Жобалардың негізгі бағыттары:
Оқушылардың оқу үлгерімін талдау, білім нәтижелерін болжау және жеке оқу траекториясын қалыптастыру;
Жасанды интеллект көмегімен жекелендірілген және инклюзивті оқытуды ұйымдастыру;
Жалған жаңалықтарды анықтау және мәтіндік деректерді интеллектуалды талдау;
Компьютерлік көру технологиялары арқылы мемлекеттердің туын тану;
Мектеп мұрағатындағы ескі фотосуреттерді қалпына келтіру;
Қазақстандағы туристік бағыттардың танымалдылығын, әуе билеттерінің бағасын және тауар сұранысын болжау;
Отбасылық бюджетті талдау, қаржылық сауаттылықты дамыту және оқушылардың білім сапасын визуализациялау;
Жол-көлік оқиғаларының тәуекелдерін деректер негізінде бағалау.
Жобаларды қорғау барысында тыңдаушылар теориялық білімдерін практикалық шешімдермен ұштастырып, Google Colab, Python және деректерді талдау құралдарын пайдалану арқылы өз идеяларын жүзеге асыру жолдарын көрсетті.
Әрбір жұмыс нақты мәселені анықтауға, оны технология көмегімен шешуге және нәтижені талдауға бағытталды.
Бұл жобалар – педагогтердің жаңа технологияларды меңгеруге деген ұмтылысының, шығармашылық әлеуетінің және кәсіби ізденісінің көрінісі.
Жасанды интеллектті тиімді пайдалану мұғалімнің жұмысын оңтайландыруға, білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескеруге және оқыту сапасын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Бүгінгі педагог – тек технологияны қолданушы емес, оны білім игілігіне бағыттайтын жаңашыл тұлға!
Басқа жаңалықтар



«ҰСТАЗДЫҚ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ»: ҮЛКЕН МАМАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Ұстаздар үйінде «Ұстаздық – жүрек қалауы» атты Ашық есік күні өтті. Іс-шара жас педагогтерді, тәжірибелі тәлімгерлерді және институт оқытушыларын бір ортаға жинап, кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және ұстаздар ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.