КӘСІБИ ДАМУ БАҒЫТЫ: ЖОСПАР, НӘТИЖЕ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағытындағы жұмысын жалғастыруда.
📌 2026 жылғы жоспар бойынша 87 курс аясында 2167 педагогті оқыту көзделген. Оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына — 2 курс, 40 педагог, орта білім беру ұйымдарына — 85 курс, 2127 педагогті оқыту жоспарланған. Қазіргі уақытта жоспардың орындалуы 85%-ды құрады.
📚 Бағыттар бойынша жоспар және орындалу көрсеткіштері:
🔹 Мектепке дейінгі тәрбие — 2 курс, 40 педагог. Орындалуы — 100%.
🔹 Пәндік бағыт — 40 курс, 995 педагог. Орындалуы — 87%.
🔹 Цифрлық технологиялар және ЖИ — 18 курс, 460 педагог. Орындалуы — 88%.
🔹 Инклюзивті білім беру — 8 курс, 197 педагог. Орындалуы — 74%.
🔹 «Адал азамат» — 4 курс, 100 педагог. Орындалуы — 50%.
🔹 Пәнаралық бағыт — 15 курс, 375 педагог. Орындалуы — 86%.
💰 Жобалық оқыту аясындағы «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы жоспар бойынша — 5 курс, 122 педагогті қамтыды. Орындалу көрсеткіші — 59%. Курс нәтижесінде педагогтер қаржылық мәдениетін арттырып, жеке қаржыны жауапты басқару дағдыларын дамытады.
🎯 Әр бағыттың ортақ мақсаты — педагогтің кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту, алған білімін тәжірибеде қолдануына қолдау көрсету және білім беру сапасын арттыру.

Басқа жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРА
Осы мерекеге орай Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Айтарым бар» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның атауы да ерекше мәнге ие, «Айтарым бар» тәуелсіздікке деген алғыс пен құрметті білдіріп, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлаған азат елге ризашылық айтуды мақсат еткен кездесу.

«ТӘЛІМГЕРЛІК МЕКТЕБІ»: ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ
Тәлімгерлік – кәсіби тәжірибені жеткізумен қатар, жас маманның әлеуетін ашуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек ұжымына бейімделуіне қолдау көрсететін маңызды үдеріс.

ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ: ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда