Өрлеу

МАҢҒЫСТАУДА BILIM & SCIENCE СТУДЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

МАҢҒЫСТАУДА BILIM & SCIENCE СТУДЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
17 қазанда Ақтау қаласында Қазақстанда баламасы жоқ жаңа форматтағы Bilim & Science студенттік зерттеу орталығының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ақтау қаласының әкімі Мақсат Асқарұлы Мұқаш, ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері, «Өрлеу» БАҰО» АҚ Маңғыстау облысы бойынша Кәсіби даму институты филиалының директоры К.Тлеуов қатысты.

Орталықтың басты мақсаты – жастардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми жобалар мен стартаптарды қолдау, жас зерттеушілерге өз идеяларын тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік беру.

Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған орталықта студенттер, магистранттар мен докторанттар ғылыми жобаларын әзірлеп, тәжірибе алмасып, өз бастамаларын дамытуға мүмкіндік алады.

💡 Bilim & Science орталығы – жастардың ғылымға қызығушылығын арттырып, жаңа идеялардың жүзеге асуына жол ашатын маңызды алаң.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

МАҢҒЫСТАУДА BILIM & SCIENCE СТУДЕНТТІК ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ — Өрлеу