«ӨРЛЕУ»: БІЛІМ САПАСЫ, ПЕДАГОГТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-да өткен аппараттық
кеңесте педагогтердің кәсіби дамуы, біліктілікті арттыру курстарының орындалуы,
курстан кейінгі сүйемелдеу және оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды.
Кеңесте Академиялық қызмет
департаментінің директоры Маржан Искакова біліктілікті арттыру курстарының
барысы туралы баяндады.
Бүгінгі күнге дейін мемлекеттік
тапсырма аясында педагогтердің біліктілігін арттырудың жылдық жоспары 89,8%-ға
орындалған. Сонымен қатар 23 537 педагог ақылы курстардан өтті. Курстан кейінгі
қолдаумен 46 653 педагог қамтылып, көрсеткіш 82,8%-ды құрады.
Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматов
атқарылған жұмыстармен қатар, шешімін қажет ететін мәселелерге де назар
аударды.
Төраға мемлекеттік тапсырманың
орындалуындағы өңірлік айырмашылықтарға тоқталды. Осыған байланысты филиал
басшыларына жоспарды орындаудың нақты тетіктерін айқындап, әр көрсеткіш бойынша
жауапкершілікті күшейту тапсырылды.
Курстан кейінгі қолдау мәселесіне де
ерекше назар аударылды. Ғалымжан Алматов педагогті оқытумен шектелмей, оның
кәсіби дамуын жүйелі түрде сүйемелдеу қажеттігін атай келе, бұл бағыттағы
жұмысты бақылауға алуды ұсынды.
Сондай-ақ сабаққа қатысуды тіркеу
тәртібі және ақылы курстардың өңірлердегі нәтижелілігі талқыланды. Төраға
филиал директорларының әр бағыт бойынша жұмыс сапасына дербес жауапты екенін
ескертті.
Кеңестің екінші мәселесі – «Оқу
мәдениеті – ұйым мәдениеті» акциясы.
Стратегиялық даму және жоспарлау
департаментінің директоры Дамира Маханова «Кітап оқитын ұлт» республикалық
марафоны аясында ұйымдастырылатын бастаманың мазмұны мен өткізу тәртібін
таныстырды.
23 қазанда басталатын акцияға орталық
аппарат пен 20 филиалдан 21 команда қатысады. Қызметкерлерге қазақ және әлем
әдебиетінің таңдаулы он шығармасы ұсынылады.
Акция мерзімі республикалық марафонмен
үйлестіріліп, екі кезеңде өтеді. Бірінші кезең 23 қазаннан 15 желтоқсанға
дейін, ал екінші кезең 16 желтоқсаннан 2027 жылғы 23 сәуірге дейін жалғасады.
Ғалымжан Алматов Мемлекет басшысы
ерекше мән беріп отырған кітап оқу мәдениетін дамыту бастамасының маңызын атай
келе, филиал директорларына акцияға ерікті түрде қатысуға қолайлы жағдай жасау
керектігін тапсырды.
Педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай
жасау, білім беру сапасын арттыру және ұйым ішінде үздіксіз даму мәдениетін
қалыптастыру – «Өрлеу» жұмысының негізгі басымдықтары болып қала береді.
Басқа жаңалықтар

ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ: ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Педагог шығармашылық кеші
«Кітап оқитын ұлт» аясында педагог шығармашылық кеші өтті
