Өрлеу

ӨРЛЕУ-TRAINER: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

ӨРЛЕУ-TRAINER: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ

Филиалдың аға оқытушыларына арналған кәсіби даму апталығы «ISO 21001:2018 – заманауи білім беру экожүйесін басқару» тақырыбындағы экспресс семинармен жалғасты.

Білім беру ұйымын басқаруда халықаралық стандарттардың маңызы қандай? Оларды отандық білім беру тәжірибесіне қалай кіріктіруге болады? – интерактивті форматта ұйымдастырылған семинарда тренерлер осы сұрақтар төңірегінде ой бөлісті.

Семинарда білім берудегі «Тұрақты әлем» трендіне де назар аударылып, халықаралық стандарттарды қазақстандық білім беру кеңістігіне кіріктіру мәселелері талқыланды. «Креативті матрица» жаттығуы барысында қолданыстағы стандарттар туралы түсініктерін ортаға салып, ISO стандарттарын меңгерудің қажеттілігін қарастырды.

Блиц-сторителлинг кезеңінде модератор ISO 21001:2018 стандартының мазмұны мен білім беру ұйымдарын басқарудағы маңызын таныстырды. Жаңа материал https://notebook.google.com платформасындағы онлайн тест тапсырмаларымен бекітілді.

Қатысушылар білім берудегі жаңа «Тұрақты әлем» трендін түсіндіру, ISO 21001:2018 стандартына қазақстандық білім беру кеңістігінің кірігу қажеттіліктерін талдауға бағытталған семинардан алған дағдыларының жаңашылдығы, тереңдігі және практикалық тұрғыдан құндылығы тұрғысында кері байланыс берді.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ӨРЛЕУ-TRAINER: БІЛІМ САПАСЫН БАСҚАРУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ — Өрлеу