ӨРЛЕУ-TRAINER: САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ

Филиалда «Педагогикалық шеберлік» кәсіби даму апталығы
аясында өткен шеберлік сыныбында аға оқытушылар «Сабақты білім алушының
құзыреттерін дамытуға бағыттап, қалай жоспарлауға болады?» деген сұрақтың
практикалық шешімдерін «Scaffold» карточкалары арқылы қарастырды.
«Scaffold» карточкалары – педагогтерге оқу мақсаттарын,
оқыту тәсілдері мен бағалау әдістерін өзара байланыстырып, сабақты жүйелі
жоспарлауға көмектесетін жиынтық. Бұл құрал білім алушылардың негізгі
құзыреттерін дамытуға, пәнаралық байланысты нығайтуға және оқу үдерісін
шығармашылықпен ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Шеберлік сыныбы барысында қатысушылар «Интеграцияланған оқыту нәтижелері» тәсілін қолдана отырып, әртүрлі жастағы білім алушыларға арналған тапсырмалар әзірледі. Карточкалар көмегімен күтілетін оқу нәтижелерін айқындап, оларға сәйкес оқыту және бағалау әдістерін таңдаудың жолдарын тәжірибеде меңгерді.
Практикалық жұмыс тренерлерге сабақ мазмұнын құзыреттілікке бағыттап құруға, педагогикалық идеяларын ортаға салып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Алдағы уақытта «Өрлеу» тренерлері ұсынған үздік авторлық
әдістемелер арнайы жинаққа енгізіліп, біліктілікті арттыру курстарының
тәжірибесінде қолданылатын болады.
Басқа жаңалықтар

ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ: ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«ӨРЛЕУ»: БІЛІМ САПАСЫ, ПЕДАГОГТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР
«Өрлеу» БАҰО» АҚ-да өткен аппараттық кеңесте педагогтердің кәсіби дамуы, біліктілікті арттыру курстарының орындалуы, курстан кейінгі сүйемелдеу және оқу мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Педагог шығармашылық кеші
«Кітап оқитын ұлт» аясында педагог шығармашылық кеші өтті