
Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба қалай іске асуда?
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мен ҚР Ұлттық Банкі бірлесіп ауқымды жобаны жүзеге асырды. Оның аясында еліміздің барлық өңірінен 6 мың педагог заманауи оқу бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды. Ұстаздар бюджет жоспарлау, инвестиция, цифрлық активтер, несие және зейнетақы жүйесімен қатар, интернет-алаяқтықтан қорғану дағдыларын меңгерді. Педагогтер алған білімін оқу процесіне…
