Өрлеу

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ: ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ: ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында 27 қазан – 6 қараша аралығында мемлекеттік тапсырыс аясында біліктілікті арттыру курсы өтеді.

Курс тақырыбы:
«Педагогтің зерттеу қызметін әдістемелік сүйемелдеу»

Курс барысында педагогтер зерттеу қызметін ұйымдастыру тәсілдерін меңгеріп, педагогикалық тәжірибедегі өзекті мәселелерді анықтау, зерттеу сұрағын тұжырымдау және зерттеу кезеңдерін жоспарлау бойынша білімдерін жетілдіреді.

Сонымен қатар деректерді жинау мен талдау, зерттеу нәтижелерін түсіндіру және оларды оқыту тәжірибесін жақсартуға пайдалану жолдары қарастырылады. Педагогтердің рефлексия жасауына, кәсіби ынтымақтастығына және зерттеу нәтижелерін әріптестерімен бөлісуіне ерекше назар аударылады.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар