Педагогтердің кәсіби дамуы: жаңа курстар басталды

2026 жылғы 19 қазанда «Өрлеу» БАҰО АҚ «Қостанай облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің мемлекеттік тапсырысы аясында педагогтерге арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары басталды.
80 сағаттық білім беру бағдарламалары білім беруде жасанды интеллект модельдерін қолдану, мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудегі педагогтердің сабақтастығы және өзара іс-қимылы, инклюзивті білім беруді іске асыратын педагогтердің базалық құзыреттерін қалыптастыру, сондай-ақ орыс тілі мен әдебиетін оқытуда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асыру бағыттарын қамтиды.
Курстар 19–30 қазан аралығында күндізгі оқыту нысанында өтеді. Оқыту педагогтердің кәсіби білімін жаңартуға, практикалық дағдыларын жетілдіруге және тәжірибе алмасуына бағытталған. Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификат беріледі.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы базасында «Қаржылық сауаттылық негіздері» курсы басталды. 40 сағаттық курс 19–23 қазан аралығында қазақ тілінде өтеді.
Басқа жаңалықтар


«ҰСТАЗДЫҚ – ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ»: ҮЛКЕН МАМАНДЫҚҚА АЛҒАШҚЫ ҚАДАМ
Ұстаздар үйінде «Ұстаздық – жүрек қалауы» атты Ашық есік күні өтті. Іс-шара жас педагогтерді, тәжірибелі тәлімгерлерді және институт оқытушыларын бір ортаға жинап, кәсіби қарым-қатынас орнатуға, тәжірибе алмасуға және ұстаздар ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік берді.
