Өрлеу

ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ: ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА

ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ: ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Кеше облыстың барлық аудандары мен қаласындағы орта білім беру ұйымдарының жауапты мамандарына арналған онлайн-семинар өтті.

Семинарды институт маманы, «Ұстаз» платформасының Атырау облысы бойынша кураторы Тулесинова Сымбат Багитовна жүргізді.

Кездесуде «Ұстаз» платформасында педагогтерді сүйемелдеу, орта білім беру педагогтері, педагог-психологтер, педагог-ассистенттер, педагог-логопедтер мен педагог-дефектологтердің портфолиосын қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ: ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА — Өрлеу