ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ: КЕЗЕКТІ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтының ұйымдастыруымен «Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы аясындағы кезекті оқу өз мәресіне жетті.
Бағдарламаның екінші легіне Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептерден 25 педагог қатысып, қаржылық білімдерін тереңдетіп, оны педагогикалық тәжірибеде қолданудың жаңа мүмкіндіктерін меңгерді.
Оқу барысында қаржыны ұтымды пайдалану, кірістер мен шығыстарды жоспарлау, қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ықтимал тәуекелдердің алдын алу мәселелері қамтылды. Тыңдаушылар нақты өмірлік жағдайларға негізделген тапсырмаларды орындап, қаржылық шешім қабылдаудың тиімді жолдарын талдады.
Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – қаржылық сауаттылықты оқыту тәжірибесімен ұштастыру. Осы мақсатта педагогтер оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қаржылық ұғымдарды түсіндіру, олардың экономикалық ойлау қабілетін дамыту және қаржыға жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін қарастырды.
Курс соңында тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Басқа жаңалықтар

Инклюзивті білім беру: оқудағы қиындықтарды түсінуден бастап, тиімді педагогикалық қолдауға дейін
2026 жылдың 16 қазанында «Өрлеу» АҚ біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Астана қаласы және Жамбыл облысы филиалдарының ұйымдастыруымен «Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары және бастауыш сынып оқушыларының оқудағы қиындықтарының ерекшелігі» тақырыбында бірлескен вебинар өтті.