Өрлеу

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: КЕЗЕКТІ КУРС АЯҚТАЛДЫ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: КЕЗЕКТІ КУРС АЯҚТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Ұлттық Банкі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ бірлескен жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық негіздері» тақырыбындағы білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курсының үшінші легі аяқталды. Оқыту Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Атырау облыстық филиалы базасында ұйымдастырылды.

Курс барысында педагогтер жеке қаржыны тиімді басқару, кірістер мен шығыстарды жоспарлау, қаржылық қауіпсіздікті сақтау және тәуекелдердің алдын алу бойынша білімдерін жетілдіріп, практикалық тапсырмалар арқылы күнделікті өмірде жауапты қаржылық шешім қабылдау дағдыларын дамытты.
Сонымен қатар тыңдаушылар қаржылық сауаттылықты педагогикалық тәжірибемен ұштастыру, оқушыларға қаржылық ұғымдарды жас ерекшеліктеріне сай түсіндіру және олардың қаржыға жауапкершілікпен қарау тәсілдерін қарастырды.

Оқу қорытындысы бойынша барлық тыңдаушыларға біліктілікті арттыру курсын аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: КЕЗЕКТІ КУРС АЯҚТАЛДЫ — Өрлеу