Өрлеу

Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция

Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция
2026 жылдың 22 қазанында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша Кәсіби даму институты базасында «Жасанды интеллект және білім берудің жаңа парадигмасы: Мұғалім мен технологияның үндестігі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өтті.
Бүгінгі таңда жасанды интеллектіні қолданудың маңыздылығы — адамды алмастыруда емес, оның мүмкіндіктерін шексіз кеңейтуінде. Заманауи мұғалімге ЖИ технологияларын даму мен оқыту сапасын арттыруға бағытталған сенімді серіктесіне айналдыруға жол ашу — білім берудегі жаңа парадигманың негізі болып табылады.
  • Конференцияның мақсаты: Технология мен адам арасындағы педагогикалық теңгерімді сақтай отырып, ЖИ-ді мұғалімнің шығармашылық көшбасшылығын толықтыратын көмекші құрал ретінде пайдаланудың оңтайлы модельдерін жасау және талқылау.
  • Конференцияның негізгі бағыттары:
    1. Педагогикалық синергия: Оқу-тәрбие процесінде мұғалімнің эмпатиясын, мотивациялық және тәрбиелік рөлін сақтай отырып, ЖИ алгоритмдері мен адамдық фактордың үйлесімділігін қамтамасыз ету.
    2. Мұғалімнің шығармашылық көшбасшылығы мен зерттеушілік әлеуетін арттыру: Сабақты жоспарлау, бағалау сияқты күнделікті қайталанатын тапсырмаларды ЖИ көмегімен оңтайландыру және босаған уақытты инновациялық іс-әрекетке бағыттау.
    3. Білім берудегі ЖИ (Этика және қауіпсіздік): Авторлық құқық, академиялық адалдық және оқушылардың жеке деректерін қорғау мәселелері.
    4. Цифрлық дәуірдегі сыни ойлау: Дайын ақпараттар ағынында оқушылардың фактілерді тексеру және ақпаратты сараптау дағдыларын қалыптастыру.
Конференция жұмысына өңірлік ЖОО ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының профессорлық-педагогикалық құрамы мен мектепке дейінгі, жалпы білім беретін және қосымша білім беру ұйымдарының 100-ге жуық шығармашыл педагогы қатысып, тәжірибе алмасты.
Іс-шара аясында 1-бағыт бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚ Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институты «Жаратылыстану-математика» бағытындағы кафедраның аға оқытушысы, тренер Мынбаева Акбота Камзабековна «Педагогтің рөлі мен ЖИ тиімді пайдаланудің жолы» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, өз тәжірибесімен бөлісті.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

Республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция — Өрлеу