«ТӘЛІМГЕРЛІК МЕКТЕБІ»: ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ

2026 жылы қазан айында ҚР Ұлттық
кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының
ұйымдастыруымен дуальды оқытуға тартылған өндірістік тәлімгерлерге арналған
«Тәлімгерлік мектебі» семинар-оқытуы өтті.
Семинар аясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ
Шымкент қаласы бойынша Кәсіби даму институтының аға оқытушысы Турсунбаева
Зульфия Патаевна «Тиімді тәлімгердің педагогикалық және психологиялық
құзыреттері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада тәлімгердің
педагогикалық және психологиялық құзыреттерін дамыту, білім алушылармен тиімді
қарым-қатынас орнату, психологиялық қолдау көрсету және жас мамандардың кәсіби
ортаға бейімделуіне ықпал ету мәселелері қамтылды.
Тәлімгерлік – кәсіби тәжірибені
жеткізумен қатар, жас маманның әлеуетін ашуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және
еңбек ұжымына бейімделуіне қолдау көрсететін маңызды үдеріс.
Мұндай кәсіби кездесулер тәжірибе
алмасуға, тәлімгерлік жұмыстың тиімді әдістерін жетілдіруге және білім беру мен
өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.


Басқа жаңалықтар

ПИЛОТТЫҚ АТТЕСТАТТАУ: ЖАУАПТЫ МАМАНДАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Өрлеу» орталығында Республика күніне арналған іс-шара өтті
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған іс-шара өтті.

КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІН АТТЕСТАТТАУ: ПОРТФОЛИО ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының аттестаттауға жауапты мамандарына онлайн-семинар өткізді