Өрлеу

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ – САРҚЫЛМАС ӨНЕГЕ

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ – САРҚЫЛМАС ӨНЕГЕ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында Ұстаздар күніне орай ардагер ұстаздарды ұлықтауға және педагогтердің еңбегін бағалауға арналған «Ұстаздық жол – сарқылмас өнеге» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік басқосуда ұзақ жылдар бойы институт қабырғасында еңбек етіп, педагогтердің кәсіби дамуына және өңірдегі білім беру саласының өркендеуіне елеулі үлес қосқан ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді.

Салтанатты шара аясында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың атынан ардагер ұстаздарға Алғыс хаттар табысталды. Бұл марапаттар – олардың көпжылдық жемісті еңбегіне, кәсіби тәжірибесіне және білім беру ісіне сіңірген қызметіне көрсетілген лайықты құрметтің белгісі.

Сонымен қатар өңір педагогтерінің кәсіби дамуына қосқан үлесі мен нәтижелі еңбегі үшін институттың аға оқытушылары Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады.

Ардагер ұстаздардың өнегелі еңбек жолы, мол тәжірибесі мен кәсіби дәстүрлері – бүгінгі педагогтер үшін құнды мұра. Олардың білім беру саласына қосқан үлесі мен кейінгі буынға қалдырған тағылымы әрдайым құрметке лайық.

Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге, ұстаз еңбегін бағалау – болашаққа құрмет!
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛ – САРҚЫЛМАС ӨНЕГЕ — Өрлеу