Өрлеу

«ҰСТАЗДЫҚҚА ҚАДАМ: КӘСІБИ БАҒДАР ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ»: БІРЛЕСКЕН ЖОБА АЯСЫНДА ОСЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

«ҰСТАЗДЫҚҚА ҚАДАМ: КӘСІБИ БАҒДАР ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ»: БІРЛЕСКЕН ЖОБА АЯСЫНДА ОСЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты мен «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КеАҚ-тың дарынды балаларға арналған «Ұстаз» мектеп-интернатының бірлескен жобасы аясында осы оқу жылындағы алғашқы кездесу өтті. «Ұстаздыққа қадам: кәсіби бағдар және педагогикалық тәжірибе» жобасына мектеп-интернаттың 10-сынып оқушылары қатысуда.

Жобаның мақсаты – оқушылардың педагогикалық мамандық туралы саналы түсінігін қалыптастыру, ұстаздық қызметке қызығушылығын арттыру және болашақ кәсіби бағытын айқындауына қолдау көрсету. Осы мақсатта оқушыларды мұғалім еңбегінің мазмұнымен таныстыру, педагогке қажетті қабілеттерді дамыту және мамандықтың тәжірибелік қырларын меңгеруге мүмкіндік беру көзделген.

Алғашқы кездесуде қатысушыларға жобаның мақсаты мен міндеттері, негізгі кезеңдері және күтілетін нәтижелері таныстырылды. Мұғалімнің қоғамдағы орны, заманауи педагогтің кәсіби құзыреттері мен ұстаздық қызметтің жауапкершілігі туралы сөз қозғалды. Оқушыларға педагог мамандығының білім берумен қатар, тұлғаның қалыптасуына бағыт-бағдар беру, қолдау көрсету және үздіксіз ізденуді талап ететін қызмет екені түсіндірілді.

Жобаның басты ерекшелігі – кәсіби бағдар беруді практикалық әрекетпен ұштастыру. Алдағы кезеңдерде оқушылар педагогикалық жағдаяттарды талдап, шығармашылық тапсырмаларды орындайды, сабақ жоспарлаудың бастапқы элементтерімен танысып, өздерін болашақ мұғалім рөлінде сынап көреді.

«Ұстаз» мектеп-интернатының оқушылары үшін жоба педагогикалық мамандықты жақынырақ танып, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін осы саланың талаптарымен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл – жоғары сыныпта кәсіби бағдарды саналы түрде айқындауға, мамандық таңдауда жеке бейімділік пен болашақ қызметтің ерекшеліктерін ескеруге көмектесетін маңызды қадам.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ҰСТАЗДЫҚҚА ҚАДАМ: КӘСІБИ БАҒДАР ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ»: БІРЛЕСКЕН ЖОБА АЯСЫНДА ОСЫ ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ — Өрлеу