АСТАНАДА ПИЛОТТЫҚ ЖОБА АЯСЫНДА АТТЕСТАТТАУ БОЙЫНША СЕМИНАР ӨТТІ

2026 жылғы 21 қазанда Астана қаласындағы №100 орта мектепте «Пилоттық жоба аясында педагогтерді аттестаттау қағидаларындағы өзгерістер» атты семинар өтті. Іс-шараға Астана қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының бөлім басшылары мен әдіскерлері, мектеп басшыларының орынбасарлары мен педагогтер қатысты. Жалпы қала бойынша барлық мектептерден жиылған қатысушылар саны 150-ге жуықтады.
Іс-шарада «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Педагогтерді есепке алу және дамыту департаментінің басшысы Мұхамбетжанова Гүлден Есмұратқызы, Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК Орта білім беру бөлімінің басшысы Қыпшақбаева Қымбат Болатқызы, Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ кафедра меңгерушісі Ибраймова Гүлназия Қуаналиевна және №68 мектеп директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Мырзахметова Майра Айыпхановна спикер ретінде сөз сөйледі.
Семинар барысында педагогтерді аттестаттаудың пилоттық жобасын іске асыруға қатысты мәселелер мен өзгерістер қарастырылып, аттестаттау талаптары мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар өздерін ойландырған сұрақтарына жауап ала-алды.
«Қазіргі таңда аттесттау бұл педагогтің кәсіби дамуы, сапалы білім, оқушының жетістігі. Осыған бағыттап педагогті жақсы деңгейде аттестациядан өткізуіне тікелей біз жауапты боламыз. Сондықтан бүгінгі ұйымдастырған іс-шарада көтерілген мәселелерге, яғни тренерлер тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстарына үлкен алғысымызды білдіреміз», - дейді қатысушылар.
Мұндай іс-шаралар білім беру ұйымдары мен әдістемелік қызмет өкілдерінің өзара байланысын нығайтуға, педагогтерге қолдау көрсетуге және аттестаттау үдерісін нақты түсінуге ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар

КӘСІБИ ДАМУ БАҒЫТЫ: ЖОСПАР, НӘТИЖЕ ЖӘНЕ МҮМКІНДІК
Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институты педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағытындағы жұмысын жалғастыруда

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРА
Осы мерекеге орай Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Айтарым бар» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның атауы да ерекше мәнге ие, «Айтарым бар» тәуелсіздікке деген алғыс пен құрметті білдіріп, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлаған азат елге ризашылық айтуды мақсат еткен кездесу.

«ТӘЛІМГЕРЛІК МЕКТЕБІ»: ТИІМДІ ТӘЛІМГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТЕРІ
Тәлімгерлік – кәсіби тәжірибені жеткізумен қатар, жас маманның әлеуетін ашуға, кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек ұжымына бейімделуіне қолдау көрсететін маңызды үдеріс.