Өрлеу

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРА

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРА
25 қазан – Республика күні еліміздің мемлекеттілігі мен егемендігін айқындайтын маңызды ұлттық мерекелердің бірі. Бұл күн халқымыздың тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын, елдің бірлігі мен ортақ құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. 

Осы мерекеге орай Астана қаласы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Айтарым бар» атты тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның атауы да ерекше мәнге ие, «Айтарым бар» тәуелсіздікке деген алғыс пен құрметті білдіріп, бейбіт өмір мен жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлаған азат елге ризашылық айтуды мақсат еткен кездесу.     

Ұстаз болу - жүректің батырлығы демекші ұстаз ол жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойына отансүйгіштік, жауапкершілік пен ұлттық тәрбие дарытатын тұлға. Тәуелсіздік жылдарында білім беру саласы да елеулі өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл ретте педагогтердің кәсіби дамуы, жаңашылдыққа ұмтылысы мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі ерекше маңызға ие. 

Іс-шара барысында еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихы мен жетістіктеріне арналған бейнеролик көрсетіліп, педагогтердің кәсіби жетістіктері мен ұлттық құндылықтардың маңызы туралы ой қозғалды. Қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ ел болашағы мен ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойларымен бөлісті. 

Кездесу аясында патриоттық өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Тәуелсіздік пен туған жерге деген сүйіспеншілікті дәріптейтін әндер орындалып, мерекелік іс-шараның мазмұнын аша түсті. 

«Айтарым бар» кездесуі тәуелсіздіктің қадірін түсініп, оның берген мүмкіндіктеріне алғыс айтудың, ел жетістіктерін бағалап, болашаққа сеніммен қараудың көрінісі. Іс-шара қатысушыларды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіріп, ұлттық рухты нығайтуға және отансүйгіштік сезімді дәріптеуге арналды.

Бөлісу

Басқа жаңалықтар

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ КУРС ТЫҢДАУШЫЛАРЫМЕН ӨТКЕН ІС-ШАРА — Өрлеу