Өрлеу

«ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ: КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті

«ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ: КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Заманауи педагог: кәсіби құзыреттілік және эмоционалдық интеллект» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті.

Конференцияға Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Ақтөбе, Маңғыстау және Атырау облыстарынан 90-нан астам жұмыс келіп түсті.

Іс-шара пленарлық отырыстан басталды. Заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және білім беру үдерісіндегі эмоционалдық интеллектіні дамыту мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысы төрт бағытта өтті:
1-бағыт: «Заманауи педагогтің кәсіби портреті: ХХІ ғасырдағы құзыреттіліктер мен дағдылар»;
2-бағыт: «Эмоционалдық интеллект білім беру үдерісінде: эмоционалдық сауаттылықты дамыту стратегиялары»;
3-бағыт: «Эмоционалдық өзін-өзі басқару: кәсіби қызметтегі тиімділік пен тұлғалық даму»;
4-бағыт: «Тәжірибе алмасу: эмоционалдық интеллектіні оқу-тәрбие процесіне кіріктірудің тиімді тәжірибелері».

Секциялық отырыста спикерлер тәжірибелерін ортаға салып, эмоционалдық сауаттылықты дамыту, өзін-өзі басқару және эмоционалдық интеллектіні оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру жұмыстарымен бөлісті.

Конференцияда ұсынылған жұмыстар электрондық материалдар жинағына енгізіледі. Жинақ педагогтердің тәжірибесін таратуға және тиімді әдістерді кәсіби қызметте қолдануға мүмкіндік береді.
Бөлісу

Басқа жаңалықтар

«ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГ: КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЭМОЦИОНАЛДЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ» тақырыбында РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті — Өрлеу