+7 (7172) 55 87 82

M

15.09.2026

Ғылым мен тәжірибені ұштастыру: зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу тетіктері

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы – Атырау облысы бойынша Кәсіби даму институтында «Ғылым мен тәжірибені ұштастыру: Зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу тетіктері» тақырыбында іс-шара өтті.

Іс-шараны Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кафедраның аға оқытушысы Аронова Алтынай Жеңісқызы өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – ғылыми зерттеу нәтижелерін оқу бағдарламасына, сабақ мазмұнына және педагогтердің кәсіби даму тәжірибесіне тиімді әрі жүйелі түрде енгізу жолдарын қарастыру.

Іс-шара барысында ғылым мен педагогикалық тәжірибені сабақтастыра қолданудың маңызы талқыланып, зерттеу нәтижелерін оқу үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдері мен тетіктері қарастырылды. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, кәсіби қызметте ғылыми ізденістерді қолдану мүмкіндіктерін саралады.

Іс-шараға филиал қызметкерлері қатысып, өзекті тақырып бойынша пікірлерімен бөлісті.