+7 (7172) 55 95 55

M

14.07.2026

Құрметті педагогтер! Педагогтер қауымдастығына әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның әрбір филиалы өзінің ғылыми-әдістемелік басылымын шығарады

Бұл – педагогтердің өз кәсіби қызметінің нәтижелерін жариялауға берілетін мүмкіндік. Олар ғылыми мақалаларын, әдістемелік әзірлемелерін, авторлық бағдарламаларын, іс-шаралар сценарийлерін, сабақ жоспарларын, жұмыс тәжірибесінен жинақталған материалдарын және өзге де әдістемелік еңбектерін жариялай алады.

Педагогтің ғылыми-әдістемелік басылымдағы жарияланымы тиімді тәжірибені кеңінен таратуға, кәсіби дамуына және жеке портфолиосын толықтыруға ықпал етеді. Сонымен қатар жарияланған материалдардың болуы педагогтің кәсіби белсенділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады және қолданыстағы талаптарға сәйкес аттестаттауға ұсынылатын құжаттарды әзірлеу барысында ескерілуі мүмкін.

Педагогтерді өздерінің тәжірибесімен, үздік тәжірибелерімен және инновациялық идеяларымен бөлісіп, оларды «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының ғылыми-әдістемелік басылымдарында жариялауға шақырамыз.

Жарияланым құны:
«Өрлеу. Үздіксіз білім жаршысы – Өрлеу. Вести непрерывного образования» ғылыми журналында бір мақаланы жариялау – 60 000 теңге;
филиалдың ғылыми журналында бір мақаланы жариялау – 6 700 теңге;
филиалдың газетінде бір материалды жариялау – 5 500 теңге.