«Қаржылық сауаттылық» курсына қатысушылар оқыту нәтижесіне қатысты пікірлерімен бөлісті. Бағдарлама барысында педагогтер отбасылық бюджетті жоспарлау, инвестициялау негіздері, несие және зейнетақы жүйесінің қағидаттары, сондай-ақ қаржылық алаяқтық түрлерін ажырату дағдыларын қамтитын оқу мазмұнымен танысты.
Айта өтейік, биыл қаржылық сауаттылық негіздері бойынша шамамен 4 мың педагогтің біліктілігін арттыру жоспарланған. Педагогтер алған білімін оқу процесінде пайдалану арқылы оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар, жоба аясында балаларға арналған анимациялық сериал, интерактивті симуляторлар мен ойын-тренажері әзірленіп, қаржылық білім қолжетімді әрі түсінікті форматта ұсынылды.
IMG_9023

