«Қаржылық сауаттылық негіздері» білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсының екінші легі басталды.
Курсқа Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы мектептерден 25 педагог қатысуда.
Оқу барысында тыңдаушылар қаржылық сауаттылықтың негізгі бағыттары бойынша білімдерін жетілдіріп, жеке қаржыны тиімді басқару, бюджетті жоспарлау, қаржылық тәуекелдерді бағалау және жауапты қаржылық шешім қабылдау мәселелерін қарастырады.
Сонымен қатар курс бағдарламасында қаржылық сауаттылық негіздерін білім алушыларға түсінікті әрі тиімді жеткізудің заманауи әдіс-тәсілдеріне басымдық берілген. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштасып, педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Курс педагогтердің қаржылық білімін арттырып қана қоймай, алған білімдері мен дағдыларын білім беру үдерісінде тиімді қолдануына бағытталған.

