+7 (7172) 55 87 82

M

07.10.2026

СЫР ӨҢІРІНІҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Ұстаздар күніне орай «Өнер орталығында» «Ұстаз – қанат, шәкірт – қауырсын» атты салтанатты шара өтіп, Сыр өңірінің үздік педагогтері марапатталды. Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ұстаздарды төл мерекесімен құттықтап, аймақтың дамуы мен жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.
Мерекелік жиында білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша филиалының аға оқытушысы Жалмағамбетова Жанат Жұмабайқызы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Жанат Жұмабайқызы жаңашыл бастамаларға белсене атсалысып, өңір педагогтерінің кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. Әріптесіміз – «Балалардың жазғы сауықтыру лагерінің қызметін ұйымдастырудың әдістемелік негіздері» білім беру бағдарламасының авторы.
Сонымен бірге, Жанат Жұмабайқызы өткізген біліктілікті арттыру курстары өз нәтижесін беріп, Ұстаздар мерекесінде курс тыңдаушысы – Қазалы ауданындағы Б.Мергенбаев атындағы №226 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жөлекеш Мирамкүл Жеткербайқызы да жоғары марапатқа ие болды.
Шығармашыл ұстаз Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 29 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Елордада өткен мерекелік жиында мемлекеттік награданы Мирамкүл Жеткербайқызына Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы табыстады.
Жанат Жұмабайқызын лайықты марапатымен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт және кәсіби қызметіңізде жаңа жетістіктер тілейміз!