+7 (7172) 55 87 82

M

07.10.2026

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалында «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» республикалық байқауы өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биыл сегізінші мәрте өткізілген республикалық байқаудың өңірлік кезеңі аяқталды.

Байқаудың өңірлік кезеңіне Қызылорда облысынан 7 бағыт бойынша 826 педагогтен өтінім келіп түскен. Оның ішінде, шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 42 қатысушы өңірлік кезеңнің жүлдегері атанды. Педагогтердің біліктілікті арттыру курстарында меңгерген дағдылары мен тәжірибелері олардың идеяларын жетілдіріп, байқауға қатысуына негіз болды.

Салтанатты шарада жүлдегер-педагогтерге 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар табыс етілді. Ал конкурстық материалдары бағалауға жіберіліп, байқау ережесінің талаптарына сәйкес келген барлық қатысушыларға қатысушы сертификаты табысталады.

Педагогикалық идеялары үздік деп танылып, І дәрежелі дипломмен марапатталған жеңімпаз ұстаздар республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды. Атап айтқанда:

  1. «Оқу сауаттылығы» бағыты бойынша

Шынтасова Гульзат Бурабаевна – Қызылорда Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі;

  1. «Математикалық сауаттылық» бағыты бойынша

Алтаева Карлыгаш Амангельдиевна – Қызылорда қаласы №145 «Бірқазан» орта мектебінің мұғалімі;

  1. «Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық» бағыты бойынша

Асылбекова Жансая Асылбекқызы – Арал ауданы №64 орта мектебінің мұғалімі;

  1. «Цифрлық сауаттылық» бағыты бойынша

Мұхиддинова Мая Әлімжанқызы – Қызылорда қаласы Әбу Құдабаев атындағы №197 қазақ орта мектебінің мұғалімі;

  1. «Экологиялық сауаттылық» бағыты бойынша

Мәдиева Ақкенже Жамбылқызы – Қызылорда Байзақ Ермекбаев атындағы №271 мектебінің мұғалімі;

  1. «Мәдениетаралық сауаттылық» бағыты бойынша

Жалғасбай Диас Өтегенұлы – Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев атындағы №171 орта мектебінің мұғалімі;

  1. «Қаржылық сауаттылық» бағыты бойынша

Утамбетова Уразгуль Джайшиликовна – Қызылорда қаласы Байзақ Момынбаев атындағы №278 IT мектеп-лицейінің мұғалімі.

Республикалық кезеңде педагогтер өз идеясының оқу процесінде қолданылуын бейнематериалда көрсетуі тиіс. Үздік жұмыстар Өрлеудің YouTube арнасында жарияланып, «Ең көп қаралған бейнематериал» аталымы бойынша қосымша марапатталатын болады.

Әрбір педагогтің ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысына, кәсіби өсуіне, шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2026» байқауының Республикалық кезеңіне қатысушы Сырбойылық әріптестерімізге сәттілік тілейміз!