+7 (7172) 55 95 55

M

20.07.2026

Қызметін жаңадан бастап жатқан педагогтерге арналған ақылы «Педагогикалық қызметке кіріспе» курсы

Мұғалімнің еңбек жолындағы алғашқы жылдар – ең маңызды кезеңдердің бірі. Дәл осы уақытта кәсіби сенім қалыптасады, оқыту стилі айқындалады, тәжірибе жинақталады.

Осы мақсатта «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» педагогикалық қызметін жаңадан бастаған ұстаздарға арналған «Педагогикалық қызметке кіріспе» атты жаңа білім беру бағдарламасын әзірледі. Бұл курс жас маманға тек теориялық білім беріп қоймай, мектептегі күнделікті жұмысқа қажетті нақты практикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның басты ерекшелігі – теория мен практиканың үйлесімі. Тыңдаушылар нақты сабақжоспарларын әзірлейді, цифрлық құралдармен жұмысістейді, кәсіби жағдаяттарды талдайды, зерттеу жүргізедіжәне мектеп тәжірибесінде бірден қолдануға болатындайын әдістемелік қоржын қалыптастырады.