+7 (7172) 57 46 00

M

11.02.2026

«Ұстаз» ұлттық платформасы бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Шымкент қаласындағы кәсіби даму институты платформа бойынша техникалық және әдістемелік қолдауға бағытталған ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Шараға білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлер және білім саласының басқа да қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында «Ұстаз» платформасының мүмкіндіктері, жүйеге деректерді енгізу талаптары мен тәртібі жайлы жан-жақты бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ, педагогтердің жеке профилін дұрыс толтыру тәртібі, құжаттарды жүктеу кезінде туындауы мүмкін қындықтардың себептерін анықтау және оларды болдырмау жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, 2024–2025 жылдарға арналған педагогтердің білімін бағалау нәтижелері таныстырылып, әр біліктілік санаты бойынша шектік деңгейлер түсіндірілді. Тестілеу тәртібі нақтыланып, Республикалық оқу-әдістемелік кеңеске ұсынылатын педагог-шеберлердің құжаттарын жинақтау алгоритмі көрсетілді. Жалған құжаттарды рәсімдеуге жол бермеу мәселесіне ерекше мән берілді.

Қатысушылар аттестаттау материалдарын жүйелі дайындау бойынша практикалық ұсынымдар алып, өзекті сұрақтарына жауап алды.