+7 (7172) 55 95 55

M

16.07.2026

«Ұстаз» ұлттық платформасын дамыту мәселелері талқыланды

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма төрағасы Ғалымжан Алматовтың төрағалығымен «Ұстаз» ұлттық платформасын дамыту мәселесіне арналған аппараттық кеңес өтті.

Ғалымжан Алматов «Ұстаз» платформасы тек аттестаттау рәсімін жүргізетін ақпараттық жүйе емес, педагогтің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай ұлттық цифрлық ортаға айналуы тиіс екенін атап өтті. Оның айтуынша, платформада педагогтің кәсіби профилі, портфолиосы, біліктілікті арттыруы, жетістіктері, мансаптық дамуы, нормативтік-құқықтық құжаттар, цифрлық кітапхана және мобильді қосымша өзара бір жүйеге біріктірілуі қажет.

Кеңесте өңірлер бойынша аттестаттау жұмысының қорытындылары да таныстырылды. 2026 жылғы 14 шілдедегі жағдай бойынша аттестаттауға 109 мыңнан астам педагог қатысып, олардың 87%-ы педагогтің білімін бағалау рәсімінен өтті. Шекті балды 52%-ы еңсерді. «Ұстаз» платформасы арқылы берілген өтініштердің 52,8%-ы бойынша түпкілікті шешім қабылданса, қалған өтініштер аттестаттау комиссияларының қарауында.

Осыған байланысты Басқарма төрағасы аттестаттау комиссияларының жұмысын жеделдетуді, платформаның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуді және өңірлердегі шешім қабылдау мерзімін қысқартуды тапсырды.