+7 (7172) 55 95 55

M

24.07.2026

Әрбір көрсеткіштің артында — команданың еңбегі тұр

Пайдаланушылар платформаға кіріп, аттестаттаудан өтіп, сервистерге қол жеткізіп немесе техникалық ақауларсыз жұмыс істеген кезде, үйреншікті цифрлық шешімдердің артында қаншама процесс тұрғаны туралы сирек ойланады.

Бұл туралы «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры Камила Айтқужина әңгімелейді.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығы департамент үшін цифрлық экожүйені белсенді дамыту, ақпараттық жүйелерді жетілдіру және ауқымды ІТ-міндеттерді іске асыру кезеңі болды.

Команда ішкі сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, пайдаланушылардың өтініштерін жедел өңдеді, есептік жазбалар мен қол жеткізу құқықтарын баптады, техникалық қосылымдарды жүзеге асырып, консультациялар өткізді. Сонымен қатар ІТ-инфрақұрылымды дамыту  жұмыстары жалғасты: серверлік және желілік шешімдер жаңғыртылды, жаңа жұмыс орындары қосылды, жаңартулар енгізіліп, техникалық ақаулар жедел түрде жойылды.

Еліміздің педагогтері үшін маңызды цифрлық құралға айналған «Ұстаз» ұлттық платформасын дамытуға ерекше назар аударылды. Платформада 109 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, 40 мыңнан астам өтініш беріліп, 20 мыңнан астам шешім қабылданды.

Алайда, Камила Айтқужинаның айтуынша, әрбір көрсеткіштің артында әзірлеушілердің, жүйелік әкімшілердің, талдаушылардың, тестілеушілердің және техникалық қолдау мамандарының күнделікті еңбегі жатыр.

«Біздің міндетіміз – тұрақты цифрлық ортаны қалыптастыру, заманауи сервистерді дамыту және технологияларды пайдаланушылар үшін қолайлы әрі тиімді ету. Алғашқы жартыжылдық – қорытынды жасайтын кезең. Екінші жартыжылдықта осы бағыттағы даму жұмысын жалғастырамыз», – деп атап өтті Ақпараттық жүйелерді әкімшілендіру департаментінің директоры.

Дәл осындай күнделікті, көп жағдайда көзге көріне бермейтін еңбек «Өрлеу» цифрлық сервистерінің сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, олардың одан әрі дамуына берік негіз қалайды.