«Өрлеу» ұлттық орталығында Басқарма төрағасының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары, Кеңес төрағасы Азамат Бекіштің жетекшілігімен Академиялық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби дамуын қолдау және Орталықтың академиялық қызметін жетілдіруге қатысты өзекті мәселелер қаралды.
Қатысушылар профессор-оқытушылар құрамының оқу-әдістемелік қызметінің нәтижелерімен танысып, оны одан әрі жетілдіру бағыттарын талқылады. Аталған мәселе бойынша оқу-әдістемелік жұмыс департаментінің директоры Сәуле Вильданова баяндама жасады.
Сонымен қатар, біліктілікті арттыру бағдарламаларының педагогтердің кәсіби қажеттіліктеріне сәйкестігі қарастырылып, оқушыларды педагог мамандығына ерте бейімдеу мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.
Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар ұсыныстар қабылданып, алдағы кезеңге арналған нақты міндеттер айқындалды.


