+7 (7172) 55 95 55

M

25.04.2026

«Өрлеу» ұжымы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына белсенді қатысты

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының қызметкерлері қоршаған ортаны қорғау және қалалық кеңістікті абаттандыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілікке қатысып, тазалық жұмыстарына үлес қосты. Белгіленген аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Аталған бастама қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Шараның мақсаты — қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін нығайту және елорда тазалығына ұжымдық үлес қосу.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.