Астанада өткен «Негізгі және жалпы орта білім беру: сапалы өзгерістер және кәсіби даму» атты республикалық жазғы сессиясында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Аида Мейркулова «Қазақстандағы педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы: «Өрлеу» ұлттық орталығының тәжірибесі және институционалдық шешімдері» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының негізгі үрдістері мен «Өрлеудің» 2029 жылға дейінгі даму стратегиясының басым бағыттары жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды.
Сессияға еліміздің барлық 20 өңірінен 300 жуық педагог қатысты. Олардың қатарында білім басқармаларының жауапты мамандары, әдістемелік орталықтардың өкілдері, мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары және 5-11 сыныптарда сабақ беретін педагогтер бар.
Семинар қорытындысында білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне тиімді енгізуге және республикалық жазғы сессияның мазмұнды әрі нәтижелі өтуіне қосқан елеулі үлесі үшін Аида Мейркуловаға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың Алғыс хаты табысталды.


